USD
USD
USD

Министр Қашаған дауы қашан аяқталатынын айта алмады

Қашаған кен орнының операторымен жүріп жатқан халықаралық арбитраждың қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. 

Ерлан Сәрсембаев
Фото: ҚР Парламентінің Мәжілісі/видеодан скриншот

Астана, NEGE. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың сөзінше, халықаралық арбитраждық процестердің нақты қанша уақытқа созылатынын алдын ала болжау мүмкін емес. Себебі мұндай істер бірнеше кезеңде қаралуы мүмкін.

«Бұл арбитраж қанша уақытқа созылатынын, қашан аяқталатынын нақты айту қиын. Халықаралық сот дауы болғандықтан, істің өзіндік ерекшеліктері бар және ол бірнеше инстанцияда қаралуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселе бойынша нақты мерзім жариялай алмаймыз», – деді министр.

Ал Қазақстан бюджетінен бұл процестерге қанша қаражат жұмсалатыны туралы сұраққа министр халықаралық арбитраждар мен сот процестеріне арналған арнайы бағдарлама бар екенін алға тартты.

«Мемлекеттік орган болғандықтан, біздің бюджет ашық түрде жарияланған. Қазіргі кезде халықаралық арбитраждар мен сот процестеріне қатысты арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Жалпы мұндай дауларға 7 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған», – деді Ерлан Сәрсембаев.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан шамамен 20-ға жуық халықаралық дауға қатысып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе