USD
USD
USD

Министр Ербаян Мұхтардың денсаулығы туралы пікір білдірді

Әскерде жүріп жансақтау бөліміне түскен Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы жайлы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады. 

Ақмарал Әлназарова
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова: 

«Ербаян Мұхтардың жағдайын денсаулық сақтау министрлігі бақылап отыр. Ербаянның ата-анасымен өзім кездестім. Жағдайы тұрақты. 16 медициналық қызметті қосымша алу қажеттілігіне байланысты Ұлттық медициналық орталығына күні кеше жатқыздық. Қасында әкесі бар. Тиісті көмекті сырқатына байланысты алып жатыр, – деді. 

Оның айтуынша, Ербаянның диагнозы өте қиын. Жарақатпен бірге денесіне инфекция түскен.

Тиісті ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр. Түркияға барып келді. Өзіміз де қосымша қарап жатырмыз. Қажет болса Түркияда немесе басқа мемлекетте ем-домын ұйымдастыру мәселесін ата-анасымен талқыладық. Қазақстанда емделуге келісімдерін берді. Алдын ала болжам жасамай-ақ, көмек алып жатқанын айтқым келеді, – деді ол.

Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар басынан соққы алып, ауыр жарақаттың кесірінен төсекке таңылып, сал болып қалған еді. Осы жағдайдан кейін Қазақстан халқы Ербаянның еміне жылу жинады. Соның арқасында сарбаз Түркияға аттанып, ота жасатып қайтты.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Eni және Baker Hughes компаниялары басшылығымен кездесті

кездесу

Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызға белгіленді

Сайлау туралы заң

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-әкім Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын көрсетті

Жақсылық Омар

Теңге әлемдегі долларға қатысты нығайған валюталар бестігіне енді

теңге