USD
USD
USD

Мыңға жуық зейнеткерге шипажайға жолдама берілді

Биыл Шымкентте 6 000 зейнеткер шипажайларда тегін ем алуға жіберіледі. Бүгін оның мыңға жуығына жолдама берілді.

Мыңға жуық зейнеткерге шипажайға жолдама берілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Санаторияға үшінші рет жолдама алған 73 жастағы зейнеткер Сапар Ағабеков жұбайымен бұл жолы Тараз қаласында орналасқан «Айша бибі» шипажайында 12 күн ем қабылдады.

-«Айша бибі» кешеніне жеткенімізде шипажай қызметкерлері бізді жылы қарсы алды. 4 мезгіл тамақ берілді, мұнда ем қабылдаушыларға айрықша ықылас танытуға тырысып тұрады екен. Маған ұнағаны, саз балшықпен емдеу. Буын аурулары мен суық тигенге көп көмегін тигізді, - деді Сапар Ағабеков.

Айта кетейік, зейнеткерлерге жолдама құнына 50% жеңілдік жасалады. Азаматтар яғни, мемлекет тарапынан 6 күн тегін қызмет алып, ұнаған жағдайда қалған 6 күннің ақысын өз қалтасынан төлеп шипажайда қала алады.

Қазіргі таңда 80 жастан асқан қарттарға ай сайын 5 834 теңгеден әлеуметтік төлем төленеді. Одан өзге «үйде қызмет көрсету» көмегі қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.