USD
USD
USD

Мыңға жуық ауылда интернет жоқ

Елімізде ұялы байланыс операторларының жұмысы сынға алынды. 

Мыңға жуық ауылда интернет жоқ
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. «Мемлекеттік органдардың мәліметіне сәйкес, бүгінде елімізде 1 178 ауыл интернетпен қамтылмаған. Және 510 ауылда интернеттің сапасы нашар. Бұған қатысты Мемлекет басшысы да ескерту жасап, құзырлы органдарға тапсырма берді. Қазір уақытта отандық нарықта Beeline, Tele2, Altel, Kcell секілді бірнеше ұялы байланыс операторы бар. Ашық деректерге сәйкес, аталған ұялы байланыс операторларының кірісі 2018 жылы 240 млрд теңге, 2019 жылы 360 млрд теңге және 2020 жылы 472 млрд теңгені құрап отыр. Одан бөлек, ұялы байланыс компанияларының желіні жаңғырту жұмысына тартылған инвестицияны есептеңіз. Инвестицияның жылдық көлемі Beeline компаниясында 27 %, ал қалғандарында 5,7 % -ды құрайды», - деді ҚР Байланыс және цифрландыру ұлттық қауымдастығының вице-президенті Жанат Асантаев елордада өткен отандық телекоммуникация және цифрландыру саласының даму барысына арналған дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, әсіресе ауылдық жерлердегі интернет сапасы еш сын көтермейді.

«Ұялы байланыс операторларының кірісі жоғары, бірақ сапалы интернетпен қамти алмай отыр. Әсіресе ауылда. Осы орайда заңнама жағын қайта қарау керек», - дейді ол.

Сондай-ақ, спикер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне аталған сала қызметіне қатысты ревизия өткізуді ұсынды

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе