Жұлдыздың да жұлдызы болады
Халыққа кеңінен танымал болған өнер адамдарын көңілді, көпшіл, әрі өз-өзіне сенімді, табысты тұлға ретінде көреміз. Шынтуайтына келгенде, бағы жанған кейбір әртістің мінезі тұйық, әрі ұяң келетінін көпшілік біле бермейді. Ендеше, танымалдылыққа қызықпайтын, шулы ортаны ұнатпайтын, Голливудқа белгілі қарапайым жұлдыздардың тізімін ұсынамыз.
1. Актриса әрі продюсер Блейк Лайвли «Gossip Girl. Сплетница» телехикаясының арқасында кеңінен танымалдылыққа ие болды. Ол өзі сомдаған басты кейіпкерімен ортақ ұқсастықтары жоқ екенін үнемі айтып жүреді. Түрлі кештер мен көпшілік ортаны ұнатпайды. Бос уақытын үй жұмыстары мен ас әзірлеуге арнайды. Қарапайым, әрі ұяң мінезді актриса сұхбатының бірінде адамдармен тез тіл табысу үшін біраз қиналатынын айтқан болатын.

2. Стивен Спилберг - мінезі тұйық адамның да танымал болып, үлкен жетістікке жете алатындығын дәлелдеген жандардың бірі. Танымал режиссер арнайы шақыртулар мен бөтен адамдармен әңгімелесіп, араласып кетуден ыңғайсызданады екен. Тіпті ол өзінің фильмдеріне қатысты жазылған пікірлерді оқымайтын көрінеді.

3. Біздің тізімді толықтыратын әнші Леди Гага да өзін ұяң мінезділер қатарына жатқызады. Ол өнер саласында жүргенімен, өзін айналасындағылардан оқшау ұстағанды жөн көреді. Содан болар, бетіне жағатын түрлі бояулар мен жасанды шаштарды өзгелерден қорғану мақсатында пайдаланады-мыс. Психологтардың зерттеуінше, тұйық адамдарға өзгелердің пікірі маңызды болмайды екен. Сондықтан олардың сыртқы бейнесіндегі өзгерістер өздері үшін қолайлы болып саналады.

4. Осыдан бірнеше жыл бұрын британдық әнші Зейн Малик танымалдылықтың түрлі қоғамдық шараларға қатысуға міндеттейтінін айтқан болатын. Ол көпшілік назарына түскенді қаламайды. Мерекелік кештерде өнер көрсеткенді ұнатпайды. Өнерін өшірмеу үшін сахнада жүрген әнші бойындағы ұяң мінезін барынша жасыруға тырысады.

5. «Everybody needs Friends!» телехикаясының жұлдызы Кортни Кокс берген сұхбаттарының бірінде әлеуметтік шаралар мен үлкен басқосулардың орнына жанға жайлы тыныштық пен жақын адамдардың ортасын таңдайтынын айтқан болатын. Актриса өз сөзінде жұбайы Дэвид Аркеттпен айырылысуының себебін екеуінің мінездерінің сай келмеуімен түсіндірген. Оның зайыбы шулы ортаны жақсы көрсе, актрисаның өзі мамыражай жайлылықты жаны сүйеді. Сондықтан ол түрлі кештерде көп көріне бермейді.

6. Мексикандық танымал актриса Сальма Хайек кинотуындыдағы сомдаған түрлі рөлі шынайы өмірдегі мінезімен мүлде үйлеспейді. Өмірде әртіс ел алдында жүруді, көзге көп түсуді қаламайды. Бойындағы қайрапайымдылығымен, салмақты мінезімен ерекшеленеді. Кезекті түсірілім кезінде Сальма мінезі ашық, жарқын рөлді сомдауға біраз қиналатын көрінеді. Түсірілім алаңында актриса образға кіру үшін ұзақ дайындалып, камера алдындағы қорқынышын жеңуге күреседі екен.

7. Біздің тізімді қорытындылайтын Мерил Стрип ұяң мінезді жұлдыздар қатарын толықтырады. Фильмдегі рөлдері шапшаң әйел мен тәкәппар жанның образын көрсеткенмен, шынайы өмірде тұйық мінезділер қатарында. Актрисаның айтуынша, ол көпшілікпен бірге шулы ортада жүруді қаламайды. Сондықтан өмірде мінезіне сай келетін сабырлы жандармен араласқанды ұнатады.

Nege.kz