Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Міндетті вакциналаудың мерзімі 19 шілдеде айқындалады

Денсаулық сқтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеге дейін қызметкерлерін вакциналауға міндеттелген нысандарда ешқандай тексеру жүрмейтінін растады. 

Міндетті вакциналаудың мерзімі 19 шілдеде айқындалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнес қызметкерлерін вакциналау мерзімдері нақты әрі науқаншылдықтан ада болуы тиістігін айтқан болатын. «Президенттің тапсырмасынан кейін кеше коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Сол жиында қызмет көрсету саласының қызметкерлерін вакциналау мерзімін 19 шілдеде нақтылау туралы шешім қабылданды. Яғни, 15 шілдеден кейін аталмыш нысандарға қызметкерлері вакцина алмағаны үшін ешқандай шара қолданылмайды. Мұны міндетті вакциналау мерзімі 19 шілдеге дейін созылды деп қате түсінуге болмайды. Нақты қанша мерзімге созылатыны 19 шілдедегі ведомствоаралық отырыста белгілі болады», - дейді Ержан Байтанаев.

Қазір оқып жатыр

Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауы туралы пікір білдірді

Құрылтай сайлауы

Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы институционалдық қайта жаңғырудың жаңа кезеңін бастайды

Ерлан Қарин

Мәулен Әшімбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Мәулен Әшімбаев

Қазақстанда 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

үгіт-насихат