Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мыңдаған домен атауы қазақстандық хостингке «көшті»

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек «kz», «қаз» домен атауларын Қазақстан аумағына ауыстыру жұмысы туралы айтып берді.

Мыңдаған домен атауы қазақстандық хостингке «көшті»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спикердің айтуынша, қазір Қазнетте 175 мыңнан астам бірінші деңгейдегі «кз» және «қаз» домен атаулары бар, оның 99 632-сі жұмыс істеп тұр.

«Мониторинг нәтижесі бойынша, 2020 жылы қазанда ЦДИАӨМ Ақпараттандыру туралы заңнама талаптарын сақтау мақсатында «Қазақ желілік ақпарат орталығы» мекемесіне хабарлама жіберді және 45 мыңнан астам тіркеушіг е көрсетілген талаптардың бұзылғаны және оларды 30 қарашаға дейін түзету керектігі ескертілді.

Министрлікке домен иелерінен осы талаптың орындалу мерзімін ауыстыру туралы шағымдар мен өтініштер түсе бастады. Министрлік барлық аспектілерді назарға алып, талапты орындау мерзімін 2021 жылғы 1 ақпанға дейін ұзартуды ұйғарды.

Қазіргі уақытта 45 мың домендік атаудың 18 623-і қалды, іс жүзінде екіден бір бөлігі қазақстандық хостингке «көшті», – деді А. Оразбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық