USD
USD
USD

Мина басып кеткен адам аяғынан айырылды

Әзербайжанның Геранбой ауданының тұрғыны Тапгарагоюнлу ауылының маңайында жаяу әскерге қарсы қойылатын минаны басып, жарақат алды.

Мина басып кеткен адам аяғынан айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Геранбой ауданының прокуратурасы аудан тұрғынының минадан зардап шеккені туралы ақпарат таратты.

Ведомствоның хабарлауынша, 1996 жылы туған аулы тұрғыны Мамедов Вугар Магсудоглу ауыл шаруашылығымен айналысу кезінде мина басқан. Оқиға Әзербайжанның Геранбой ауданы Тапгарагоюнлу ауылының аумағында тіркелді. Ол ауруханаға жеткізіліп, оқиға салдарынан аяғы кесіп алынды.

Прокуратура қызметкерлері оқиға орнына тексеріс жүргізді, сот-медициналық сараптама тағайындалды, аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 20 қараша күні 1972 жылы туған Шахин Гараев дәл осы аумақта ауыл шаруашылығымен айналысу кезінде мина басып, түрлі дәрежеде жарақат алған.

17 қаңтар күні Әзербайжан Республикасының Минадан тазарту жөніндегі агенттігі (ANAMA) азаматтарға мина қаупі туралы хабарлаған болатын. Агенттік ереже сақтап, тұрғындарды мина жасырылған жерлерге шықпауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.