USD
USD
USD

Миллиардер Ричард Брэнсон ғарышқа екі билет ойнатады

11 шілдеде миллиардер Ричард Брэнсонның бастамасымен ғарышқа сәтті ұшып келген Virgin Galactic компаниясы ғарышқа коммерциялық рейске екі билетті ұтысқа қойды, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Миллиардер Ричард Брэнсон ғарышқа екі билет ойнатады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рейс 2022 жылдың басына жоспарланған. Ұтыс ойынына қатысу үшін өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Жеңімпаз 29 қыркүйекте анықталады. 

«Жеңімпазға екі орын беріледі: біреуі өзіне, екіншісі өзі таңдайтын қонаққа» делінген ұтыс ойынын компаниямен жүргізетін платформадағы сайтта.  

Комапния өкілдерінің айтуынша, ұтыс ойынына қатысу тегін. Бірақ егер қатысушысы жеңу мүмкіндігін жоғарылатқысы келсе белгілі бір төлем жасауы керек. 

Ғарышқа ұшудан басқа, жеңімпаз Virgin Galactic компаниясының иесі Ричард Брэнсон жеке өзі өткізетін America ғарыш айлағы бойынша экскурсияға барады. Жеңімпазға шамамен 127,5 мың доллар төленеді деп жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол