USD
USD
USD

Миллиардер Болат Өтемұратовқа тиесілі Rixos Borovoe қонақүйіне айыппұл салынды

Жаппай улану фактісіне байланысты Rixos Borovoe қонақүйіне 4,8 миллион теңге айыппұл салынды. 

Болат
Фото: stan.kz

Алматы, NEGE. "Бурабай қонақ үй басқармасы" ЖШС “халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу” бойынша кінәлі деп танылып, мемлекет пайдасына 4 830 000 теңге айыппұл төлеу жазасына тартылды.

"Бурабай" шипажайында 2023 жылдың 8 қыркүйегінде "Rixos" қонақүйіндегі мекеменің 21 қызметкерінен бактериялық ішек инфекциясы анықталған. Тоғыз жұмысшы Көкшетау ауруханасына жеткізіліпті. Бұдан кейін санитарлық қызмет "Burabay Hotel Management" ЖШС қонақүйін тексерді.

"Говяжья А" шұжығының сапа құжаты және сәйкестік декларациясы жоқ. Cospa өнімдерінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерін күнделікті тексеру жүргізілмеген. Сараптама барысында 13 қызметкерден "St.aureus", бес сынамадан таяқша бактериялары егілгені анықталды", – деп мәлімдеді санитарлық қызмет.

Сот құқықбұзушының өз кінәсін мойындауын назарға алып, мекеменің жұмысын тоқтатпады. Тіпті айыппұлды көлемін азайтып, 6,9 миллион теңгені 30%-ға ұлғайтып, өнімдерді тәркілемей, 4, 8млн теңге өндіртті.

Қазір оқып жатыр

Kyzdar.net ісі бойынша күдікке ілінген әйел Грузиядан экстрадицияланды

Күдікті

729 казақстандық мемлекеттен алатын жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

көмек

ММА-ден әлем чемпионы Зейнеп Оразхан допинг үшін алтынынан айырылып, үш жылға жарыстардан шеттетілді

Зейнеп Оразхан

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры