USD
USD
USD

Милад Карими украиналық мамандарға рахмет айтты

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Токио Олимпиадасынан кейінгі жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Милад Карими украиналық мамандарға рахмет айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Токио Олимпиадасы екіұдай сезім сыйлады. Ортаға шығып, Олимпиада екенін түсінесің. Ал келесі күні мүлде ештеңе сезбейсің. Жанкүйердің жоқтығы қатты білінді. Олимпиадада адам сенгісіз нәтижелер болады. Сонысымен де бұл ойындар өте қызық.

Олимпиададан кейін демалудамын. Кейін Токиода өтетін әлем біріншілігіне дайындаламын. Украина құрамасымен жаттығамын. Әлем чемпионаты қазанның аяғында өтеді, сондықтан, жаттығу жалғасады. 

Қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғыс айтамын. Бапкерлерімен, жеке жаттықтырушым Степан Горбачевқа, сондай-ақ, украиналық мамандарға рахмет», - дейді Милад. 

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті

.

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі