USD
USD
USD

Милад Карими спорттық гимнастикадан Токио Олимпиадасының үздік бестігіне енді

Токио Олимипадасында спорттық гимнастикадан жекелеген снарядтар бойынша финалдық кезең басталды.

Милад Карими спорттық гимнастикадан Токио Олимпиадасының үздік бестігіне енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін еркін жаттығудан Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды. Бұл жаттығудың финалдық кезеңінде Қазақстандық гимнаст Милад Карими де сынға түскен болатын. Карими өз бағдарламасын орындау барысында кішігірім қателіктер жіберіп, 14.133 ұпай жинады.

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық гимнаст бесінші орынға тұрақтады. Айта кетелік, бұл спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы өкілдерінің Олимпиада ойындарында көрсетіп отырған ең үлкен нәтижелерінің бірі. Әсіресе, Милад Карими еркін жаттығудан Олимпиадада үздік бестікке енген алғашқы қазақстандық гимнаст. Ол Токио Олимпиадасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша 14-ші орынға тұрақтады. Енді Карими гимнастикалық керме бойынша Олимпиада жүлдесіне таласады.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors