USD
USD
USD

Милад Карими Каирдегі Әлем кубогы кезеңінде екінші алтынын жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің екінші финалында да жеңіске жетті.

Милад Карими
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Карими кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Ол бағдарламасын сәтті орындап, төрешілердің шешімімен 14,466 ұпай жинады.

Мариос Георгиу (Кипр) 14,066 ұпаймен екінші орынды иеленсе, ал Ноэ Сейферт (Швейцария) 13,866 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Карими бұған дейін еркін жаттығуларда да топ жарған болатын. Ол жалпы есепте де Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Жалпы, оның қоржынында Әлем кубогында жеңіп алған алты алтын медаль бар.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы