USD
USD
USD

Мықтылығымды тағы бір мәрте дәлелдегім келеді 

Феруза Шарипова ұзақ үзілістен кейін қайта шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды «Хабар 24». Келесі кездесу ертең Қазан қаласында өтеді және IBA тұжырымы бойынша чемпиондық белдік сарапқа салынады. 

Мықтылығымды тағы бір мәрте дәлелдегім келеді 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде жекпе-жек кеші алдындағы баспасөз мәслихатында айтылды. Кәсіпқой бокстағы жерлесіміз бір жылдан астам уақыт жұдырықтасқан жоқ. «Бірақ физикалық бабымды жоғалтпай, жаттығу жасап жүрдім», дейді. Қазір ол ресейлік промоутерлік компаниямен келісімге отырған. Құжатқа сәйкес бір жыл ішінде Феруза 4 жекпе-жек өткізеді және осы аралықта абсолютті әлем чемпионы болуды көздейді. Айта кетейік, Феруза Шарипова мен Хеппи Дауди арасындағы кездесуді «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші ертең 23:00-де басталады.

Кәсіпқой боксшы Феруза Шарипова: "Кезекті рет мықтылығымды дәлелдегім келеді. Осыған мүмкіндік жасаған ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Кездесуге тас-түйін дайынмын. Жаттығуды пысықтайтын біраз уақыт болды. Ал, негізгі арманым – өз салмағымда абсолют әлем чемпионы атану. Бұл қолымнан келеді" деді.

Қазір оқып жатыр

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай

БҚО-да 28 млн текше метр су жинайтын жаңа су қоймасы салынады

су қоймасы

Жеңіл атлетика федерациясы Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты шешімге шағым түсірді

Ясмина Тоқсанбаева

«Алматыда прокурордың ұлы ірі жол апатын жасады»: қалалық полиция мән-жайды тексеруде

Жол-көлік оқиғасы