USD
USD
USD

Миына чип салған алғашқы адам ой күшімен шахмат ойнады

Илон Масктің Neuralink компаниясы жүзеге асырып жатқан жобада тағы бір жетістік. Миына чип кіріктірілген науқас шахмат ойнады. Бұл жайында X (Twitter) желісінде кәсіпкердің өзі хабарлады.

Маск
Фото: Видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Еске сала кетейік, Илон Масктың Neuralink компаниясы былтыр адамға чип салуға рұқсат алған.

Сөйтіп алғаш рет биыл қаңтарда адам миына имплантация жасап, чип салған болатын.

Кеше Neuralink чипі бар науқас өмірінде бірінші рет шахмат ойнап көрді. Ойынның трансляциясы компанияның әлеуметтік желідегі парақшаларынан көрсетілді.

29 жастағы Нолан Арбо сал болып туған, иығынан төмен ештеңе сезбейді.

Жас жігіт шахмат ойнағанды ұнатады, бірақ оған мүмкіндігі ешқашан болмаған еді.

Видеодан оның чиптің көмегімен компьютер экранындағы шахмат тақтасында курсор мен фигураларды ой күшімен жылжытқанын көруге болады.

Бұған дейін Илон Маск бұл технология аяқ-қолын басқара алмайтындар үшін жасалып жатқанын түсіндірген еді.

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай