Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Михаил Ломтадзе бизнестегі ең үздік басшы деп танылды

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық жетекші консалтингтік компаниясы жүргізген СЕО Survey 2020 сауалнамасының нәтижесі бойынша Қазақстанда бизнестегі ең үздік басшы болып танылды.

Михаил Ломтадзе бизнестегі ең үздік басшы деп танылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сауалнамаға экономиканың әртүрлі секторларынан 68 ірі қазақстандық компания қатысты. Респонденттер Kaspi.kz басшысын елдегі алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануда көшбасшы деп атады, сондай-ақ оның бейімделгіш, стратегиялық пайымы және клиентке бағдарлану сияқты қасиеттерін атап өтті.

«Сауалнамаға қатысқан барлық адамға және зерттеуді ұйымдастырғаны үшін PwC компаниясына рақмет айтамын. Біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту мақсатында инновациялық өнімдер мен сервистерді жасауда және дамытуда бас көтермей жұмыс істеп жүрген керемет командамыздағы әр адам бұл марапатқа лайықты. Бірге жұмыс істей отырып, біз бір-бірімізден үйренеміз, үнемі дамып, жақсара түсеміз»,- деді Михаил Ломтадзе.

PwC бұл зерттеуді бүкіл әлем бойынша 23 жыл, соңғы 8 жыл — Қазақстанда жүргізіп келеді. Сауалнаманың негізгі мақсаты — басшылардың жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдай туралы пікірін бағалау, бизнесті дамыту үшін тәуекел факторлары мен мүмкіндіктер туралы білу.

Зерттеудің толық нұсқасымен PwС сайтында, ал ішінара Forbes Kazakhstan-ның маусым айындағы нөмірінде танысуға болады.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді