USD
USD
USD

Михаил Козачковтың адвокаты оның тергеу изоляторында азапталып жатқанын мәлімдеді

Бұл ақпарды заңгер Мұрат Адам өзінің Facebook парақшасында жазды.

Михаил Козачковтың адвокаты оның тергеу изоляторында азапталып жатқанын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қорғаушының айтуынша, Козачков өзінің адам төзгісіз жерде жатқанын жеткізген. Түнде камерада қаулаған маса жүретіндіктен, журналист түнде көз ілмей шығатын көрінеді. Сондай-ақ адвокаттармен кездесуге арналған кабинеттердегі батареялар суық болғандықтан, қорғаушылар Козачковпен қысқы киіммен кездесуге мәжбүр. Сонымен қатар, заңгер ол жерде бейнекамералар барын, сондықтан олардың дыбыс жазу функциясы істейтініне де сенімді екенін айтты. Бұл өз алдына  күдіктілерді адвокатпен құпия кездесу құқығынан айырады. Заңгер мұны «заңға қайшы» дейді.

«Жуынатын бөлмеде үлкен егеуқұйрықтар жүгіріп жүр, оның бірін осы тергеу изоляторында отырған Бұрхан Жансейітов ұстап алған. Айтуынша, олар тіпті бес литрлік пластик бөтелкеге де сыймайды. Және сол душ бөлмесінде лас су құбыры бітеліп, сыртқа ағып кетпейтін болғандықтан, жүруге жағымсыз», - деп жазады қорғаушы.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.