USD
USD
USD

Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алып, 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама алды.

Михаил Шайдоров
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы үшінші орында тұрған еді. Нәтижесінде ол өз көрсеткішін жақсартып, жоғары көтерілді.

Еркін бағдарламада Шайдоров төрешілердің шешімі бойынша 192,70 ұпай жинады (жеке рекорд). Жалпы есепте ол 287,47 ұпайға (жеке рекорд) қол жеткізіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.

Әлем чемпионатының алтын медалін қатарынан екінші рет америкалық Илья Малинин жеңіп алды – 318,56 ұпай. Ал жапониялық Юма Кагияма үздік үштікті қорытындылады – 278,19 ұпай.

Айта кетейік, Шайдоров ересектер арасындағы әлем чемпионатында өз мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Бұған дейін оның қоржынында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдесі болған. Сондай-ақ, биылғы маусымда ол 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль еншілеп, Төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды.

Мәнерлеп сырғанаушы 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Ол үшін спортшы әлем чемпионатында үздік 24 спортшының қатарына енуі қажет болатын.

Қазіргі уақытта ISU тарапынан Олимпиадаға жолдама алған спортшылардың ресми тізімі жарияланады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар