USD
USD
USD

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Қойылған міндеттерді дәл әрі жылдам орындау, пайдаланушылардың қалауын ескеру – Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum алаңында AI-сервистерге қойылатын негізгі талаптарды осылай сипаттады.

Ломтадзе
Фото: Kaspi.kz

Астана, NEGE. Оның пікірінше, жасанды интеллектінің дамуы цифрлық сервистермен қалыптасқан өзара әрекеттесу тәсілін өзгертеді. Болашақта интерфейс әр адамға және оның қалауына қарай бейімделетін болады.

«Сіз бір нәрсе іздеген кезде дизайн арнайы сізге бейімделеді. Сіздің қалауыңызға қарайды», – деді Ломтадзе.

Форумда ол Kasper дербес AI-көмекшісі туралы да айтып берді. Мұндай сервистерді дамыту компания ішіндегі өзгерістерді талап етеді: дәлдікке, дербестендіруге және жылдамдыққа қойылатын талаптар деректермен жұмыс істеу, өнімдерді әзірлеу және дизайн жасау тәсілдерін айқындайды.

«Біз осы міндеттерге сай ішкі жұмысымызды өзгертіп жатырмыз. Үш жылдан кейін Kaspi қазіргіге қарағанда мүлде басқаша ұйымдастырылатын болады», – деп атап өтті Kaspi.kz басшысы.

Kaspi.kz командасының мақсаты – Қазақстанда клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау.

«Біз клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасай алатынымызға кәміл сенеміз», – деп атап өтті Ломтадзе.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком

Қазақ және мыс. Владимир Ким НЕГЕ ақша санауда?

Казақмыс