USD
USD
USD

Михаил Ломтадзе АҚШ-тағы технологиялық ірі конференцияға қатысты

Михаил Ломтадзе АҚШ-тағы Сан-Францискода өткен Media and Telecom, Morgan Stanlеy Technology конференциясында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы, реформалар мен инновациялар туралы айтып берді. Конференцияда сондай-ақ Илон Маск, Microsoft, Google, Netflix және әлемнің басқа да жетекші компанияларының өкілдері сөз сөйледі.

Каспи
Фото: Фото: Kaspi.kz

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі: 

– Қазақстанның халықаралық конференцияларда жеткен жетістіктерімен әрдайым зор мақтанышпен бөлісіп отырамын. Еліміздегі цифрландыру және инновациялар нәтижесі көптеген елдер үшін еліктеуге лайық үлгі болып отыр. Бұл Қазақстанның және жалпы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жағымды әсер етеді. Жетекші халықаралық инвесторлар мен технологиялық компаниялар Kaspi.kz-тің және еліміздегі инновацияның дамуын ерекше қызығушылықпен жіті бақылап отыр. Әр қазақстандыққа мың алғыс. Бірлесіп жұмсаған күш-жігеріміздің арқасында біз Қазақстанды инновациялардың әлемдік картасына қойып, тарихты жасаймыз. Әлемдік деңгейдегі сервистер жасауға шабыт бергендеріңіз үшін сіздердің әрқайсыңызға рақмет!

Media and Telecom, Morgan Stanley Technology конференциясы 30 жылдам астам өткізіліп келеді. Жыл сайын ол бүкіл әлемдегі жетекші технологиялық компаниялар мен инвесторлар үшін елеулі оқиға болып отыр.

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрттің ашық жануы тоқтатылды

орман өрті

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Болат Ақшолақов

15 жастағы Кәрім Меңдіқанов ресми түрде «Барселонаның» ойыншысы атанды

Кәрім Меңдіқанов