USD
USD
USD

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалды

Белгілі блогер әрі вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың жаза мерзімі өзгеріссіз қалды.

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық сотқа шағым түсірген еді. Алайда сот Mudarabah Capital және Astex.kz қаржы пирамидаларына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі бірінші инстанциядағы үкімнің өзгеріссіз қалғанын мәлімдеді.

«Сот алқасы тараптардың арызы мен айғақтарын зерделей келе, үкімді өзгертуге немесе жоюға еш негіз жоғын айтты. Осыған байланысты сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалды. Сот сотталушылардың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайында адам қаза тапты

Алматы әуежайы

47 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған: Ғылым саласына жүргізілген аудит қандай кемшіліктерді анықтады?

Әлихан Смайылов

Көкшетаудағы екі сот қызметкерінің өлімі арасында байланыс бар-жоғын полиция тексеріп жатыр

Ақан Дайыркен мен Аян Дүйсеков

Назарбаевтар отбасымен құдандалы болған экс-премьер түрмеден үйқамаққа ауысты

Наджиб Разак