USD
USD
USD

Мейірлан Раханов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімімен, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өкімімен 2025 жылдың 1 тамызынан бастап Мейірлан Ақылбекұлы Раханов облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мейірлан Раханов
Фото: Абай облысы әкімдігі

Алматы, NEGE. Аймақ басшысы бүгін оны облыс активіне таныстырды.

Мейірлан Ақылбекұлы Раханов 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бастаған. 2012 жылы Қарағанды облысының Салық басқармасының жетекші маманы, 2012-2013 жылдары Қарағанды облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары – Ақпарат комитеті Баспа БАҚ басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2016-2024 жылдары – ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі.

2024 жылғы қаңтардан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар