USD
USD
USD

Меценат Азамат Доланбаевқа іздеу жарияланды

Еліміздің құқық қорғау органдары меценат және A class Medical компаниясының директоры Азамат Доланбаевқа іздеу жариялады.

Құқық қорғау органдары
Фото: alatau-zhuldyzy.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының HALYQSTAN телеграм арнасына берген ақпаратына сүйенсек, Доланбаев «ауыр қылмыс жасады» деген күдікке ілінген.

Медеу аудандық полиция басқармасы азамат Д.-ны адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша іздестіріп жатыр. Оған іздеу жарияланды. Сот 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады. Күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша кешенді жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Азамат Доланбаев А class Medical компаниясының директоры және меценат ретінде көрсетілген. 2020 жылы ол Талғар аудандық орталық ауруханасын 15 жылға сенімгерлік басқаруға алғанын айта кету керек.

Қазір оқып жатыр

Жаңа iPhone Duo-ның экраны жарылып жатыр: Apple ақауды мойындады

.

Харри Кейн алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Харри Кейн

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA