USD
USD
USD

Метеорологтар: Алматыда ауа райы күрт суытады

Алматыда алдағы күндері қар жауып, 13 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Метеорологтар: Алматыда ауа райы күрт суытады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Синоптиктердің болжамы бойынша, Қара теңіз аймақтарынан үлкен антициклон келеді. Еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында 17 ақпанда антициклонның ауысуына байланысты қар жауын-шашыны тоқтап, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

«16 ақпанда Алматыда күн бұлтты болады, кейде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -6 -8, күндіз -4 -6 аяз болады. 17 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман, көктайғақ. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз -5-7 аяз болады. 18 ақпанда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз -2-4 аяз болады», - деп хабарлады Алматы қаласы бойынша «Қазгидромет» РМК-де.

 Сондай-ақ, алдын ала болжамға сәйкес арғы күндері Алматыда жауын-шашын болмайды. 21 ақпан, дүйсенбіден бастап ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық