Мессидің «Барселонадан» кеткісі келіп жүр
«
Барселона" футболшысы Лионель Месси жаңа бас бапкер Рональд Куманға клубта өзінің " болашағын айқын " көрмейтінін айтты. Бұл туралы RAC1 радиостанциясы хабарлаған. Ойыншы бас бапкерге Чемпиондар лигасының ширек финалында германиялық "Бавариядан" 2:8 есебімен жеңілген соң клубтағы жағдайға көңілі толмайтынын және өзін "Барселонадан" тыс көретінін айтқан.
Алматы, NEGE. Басылым мәліметінше, аргентиналық футболшы командадан кеткісі келсе, қандай қиындықтарға тап болатынын түсінеді. Оның "Барселонамен" келісімшарты 2021 жылдың жазында бітеді. Ал Куман Мессиге "Барселонадағы" стратегиясы туралы айтқан.
Клуб 33 жастағы Мессидің келісімшарты бар екенін және ойыншының Куманмен кездесуін бағаламайтындарын мәлімдеді.
Айта кетейік, 57 жастағы Куман каталониялық клубтың тізгінін 19 тамызда ұстаған - бапкер екі жылдық келісімшарт жасасты. Футболшы ретінде ол "Барселонада" 1989-1995 жылдар арасында ойнаған, ал 1998-1999 жылдары көмекші болып жұмыс істеген.
Куманға дейін "Барселонаны" 61 жастағы Кике Сетьен жаттықтырған. Ол "Бавариядан" ірі есеппен жеңілген соң командадан кетті.