USD
USD
USD

Месси тағы рекорд жаңартты

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси испаниялық «Барселона» сапындағы матчтар бойынша рекорд орнатты, – деп хабарлайды ВТ.

Месси тағы рекорд жаңартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Испания чемпионатының 24-турында футболшы каталониялықтар сапындағы 506-шы матчын өткізді. Осылайша, Месси бұған дейін 505 ойын өткізген испаниялық Хавиді озып, клуб рекордын орнатты.

Сонымен қатар, Месси Ла Лигада пенальтиден 60 гол соққан екінші ойыншы болды. "Реал" сапында пенальтиден 61 гол соққан Криштиану Роналду бұл көрсеткішке бірінші жеткен болатын.  

Месси – «Барселона» мен Аргентина құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген. «Алтын доп» пен «Алтын бутсаның» алты дүркін иегері. «Барселона» академиясының түлегі, 17 жасынан бастап бірінші командада ойнайды.

Содан бері ол клубпен бірге он мәрте Испания чемпионы атағын, төрт рет УЕФА Чемпиондар Лигасын, алты рет Испания кубогын, сегіз мәрте Испания Суперкубогын, үш рет Еуропа Суперкубогын және үш рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова