USD
USD
USD

Жыл сұрағы: Месси мықты ма, Роналду мықты ма?

«Матч ТВ» арнасының хабарлауынша, суперкомпьютер бітіспес бәсекелестер Лионель Месси (Барселона) мен Криштиану Роналдудың (Ювентус) қайсысы мықты екенін анықтады.

Жыл сұрағы: Месси мықты ма, Роналду мықты ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. KU Leuven университетінің профессорлары мен SciSport арнасының мамандары суперкомпьютердің және анықтаушы арнайы алгоритмнің көмегімен мықтының атын атады.

«Футболшының құндылығы соққан голдарымен және сәтті пастарымен бағаланады. Алайда гол – орташа есеппен 1600 әрекетте бір рет болатын жағдай. Сондықтан, біздің модель барлық іс-әрекетті – голдардың, пастардың, соққылардың құндылығын анықтап, дәл баға береді» дейді профессор Джесси Дэвис.

Ғалымдар Месси мен Роналдудың 2013/14 және 2015/16 жылдардағы ойын маусымын негіз етіп алған. Нәтижесі қандай дейсіз ғой? Лионель Месси мықты! Мессидің бағасы – 1,21, ал Роналдудікі – 0,61.

«Мессидің мықты болатын себебі, ол допты аяғына байлап алғандай көрінеді.Сондықтан, бағасы да жоғары» дейді профессор Декроос.

Бір қызығы, Месси статистика бойынша соңғы он жылда Роналдудан көп параметр бойынша алда келеді екен. Givemesport төмендегідей есеп жасапты:

Клубтық деңгейдегі голдар: Месси – 522, Роналду – 478

Сәтті пастар: Месси – 205, Роналду – 140

Клубтық трофейлер: Месси – 23, Роналду – 17

Ұлттық құрамадағы голдар: Месси – 77, Роналду – 57.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары