USD
USD
USD

Месси қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін бе?

«Барселона» футбол клубынан кеткен аргентиналық футболшы Лео Месси жаңа клубқа қатысты өз таңдауын жасады.

Месси қазақстандық клубқа ауысуы мүмкін бе?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алты мәрте «Алтын доп» иегері болған аргентиналық шабуылшы Лионель Месси өз мансабын «ПСЖ» француз футбол клубында жалғастырады», - деп мәлім етті Marca.

Бейсенбі күні «Барселона» Мессимен жаңа келісімшартқа қол қоймайтынын мәлімдеген еді. Испаниялық газеттің жазуынша, «ПСЖ» - Мессиді сатып алғысы келетін бәсекеге қабілетті жалғыз клуб.

 Англияның «Манчестер Ситиі» футболшы үшін күрестен бас тартқан.

Айта кетейік, Месси «Барселонадан» кететіні жөнінде жарияланғаннан кейін Қазақстанның «Тұран» футбол клубы оны елімізге шақырды:

«Лео Месси, сізді Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанға шақырамыз!» деп жазды клуб әлеуметтік желіде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Ер-азаматтар

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Тоқаев

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев