USD
USD
USD

Месси «Барселонадан» кетті

 Лионель Месси "Барселонамен" қоштасуға мәжбүр. Бұл туралы каталониялық клуб ресми сайтында жариялады.

Месси «Барселонадан» кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Барселона" аргентиналық шабуылшымен жаңа келісім-шарт жасай алмады. Бұған себеп қаржы тапшылығы мен Ла Лига-дағы шектеулер. Месси "Барса" сапында 2 мыңыншы жылдан бері ойнап келді. Ол каталониялықтармен бірге 10 мәрте Испания чемпионы болған. Бұдан бөлек 7 рет Испания кубогін, тағы осыншама Суперкубокты, 4 мәрте Чемпиондар лигасын, 3 рет Еуропа Суперкубогын ұтып алған. Биыл маусымның бірі күні тараптар арасында жасалған келісім-шарттың мерзімі аяқталғанын айтып кету керек. Осындан кейін спорт журналистері аргентиналық ойыншы "Манчестер Сити" не "Пари Сен-Жермен" клубтарына ауысады деп жарыса жазған еді.

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау