USD
USD
USD

Мешітте ұрлық жасаған тараздық тұрғын ұсталды

Жамбылдық полицейлер кезекті ұрлық дерегін «ізін суытпай» ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мешітте ұрлық жасаған тараздық тұрғын ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 11 қазан күні орталық мешітте белгісіз адам келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, 45 жастағы азаматтың ілулі тұрған күртешесінің қалтасынан құны 250 мың теңге тұратын Oppo 7 телефонын және оның 29 жастағы досының 570 мың теңгелік IPhone 13 телефонын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотты болған Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, оңай ақша табуды көздейтіндердің көпшілігі адамдар көп жиналатын орындарда, яғни мешіттерде, қоғамдық көліктерде, сауда орталықтарында ұрлық жасайды. Атап айтсақ, 9 айда 836 ұрлық фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,4 пайызға азайған.

Оның ішінде, телефон ұрлығы 41,7 пайызға төмендеді. Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарды қалта ұрлығының қаупін ескере отырып, қоғамдық орындарда қырағы болуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

QR төлемдерін ҚҚС-тан босату кәсіпкерлер комиссиясына бірден әсер етпеуі мүмкін

Kaspi

«Тобыл» футбол клубының жаңа иесі анықталды

«Тобыл» ойыншылары

Ақбаян Мұқанғалиева емнен кейін балаларымен қауышты

Ақбаян Мұқанғалиева

Экс-министр Асхат Оралов «Әділет» партиясында жаңа қызметке ие болды

Асхат Оралов