USD
USD
USD

Мерзімді қызметтегі 6 000-нан астам сарбаз запасқа шығарылады

Қазақстанның Қарулы күштерінде мерзімді әскери қызметін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару басталды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы биылғы жылдың 4 наурызында қол қойған болатын, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Мерзімді қызметтегі 6 000-нан астам сарбаз запасқа шығарылады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Барлық гарнизондарда әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімдері өту үстінде.

Отан алдындағы міндетін абыройлы атқарған сарбаздарға командирлері алғыс айтып, үйлеріне салтанатты түрде шығарып салып жатыр.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес көптеген әскерилер әскерде экономиканың нақты секторында қажет жұмысшы мамандықтарын меңгерді.

Запасқа шығарылатын сарбаздардың көбі 2022 жылдың қаңтарында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету шараларына тартылды.

Әскери бөлімдердің командирлері атап өткендей, бір жыл ішінде мерзімді қызметтегі сарбаздар шынығып, әскери мамандықтарды меңгерді. Жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, мұны бірнеше мәрте іс жүзінде көрсете білді.

Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағаны және қызметтегі жетістіктері үшін ерекшеленген әскери қызметшілер алғыс хаттармен, грамоталармен және әскеи бөлімнің Жауынгерлік туының жанында түскен фотосуреттермен марапатталды.

Запасқа шығарылғаннан кейін сарбаздар әскери-оқытылған резерв ретінде тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында есепке қойылады.

Қазір оқып жатыр

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау