USD
USD
USD

Меруерт Түсіпбаева жұрттың Димашты хайп үшін сынап жатқанын айтты

Әнші Меруерт Түсіпбаева Димаш Құдайбергенге араша түсіп, қолдауын білдірді. 

Меруерт Түсіпбаева жұрттың Димашты хайп үшін сынап жатқанын айтты
Фото: NEGE.kz



Алматы, NEGE. Түсіпбаева Instagram парақшасында Димаш туралы пікір жазды. Ол әлемге қазақша сөйлеуді үйреткен әртісті сынға алу мүлдем дұрыс емес екенін айтты. Ол Димашты сынап жүргендер бұл әрекетімен хайп жасағысы келеді деп тұспалдады.

"Әлемге қазақша үйреткен. Әлемді қазақша ән салдырған. Әлемді қазақша сөйлеткен. Әлемге қазақты танытқан. Димаш. Есен-аман бол. Көз тимесін. Димашты сынға алып, оған қарсы шығатындар халыққа өздерін көрсеткісі келеді", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің сөзіне қосылып, Димаш Құдайбергенге қолдау білдіріп жатыр. "Дұрыс айтасыз, Димаш біздің тума талантымыз", "Димашты сынайтындарды түсінбеймін", "Димаштың атын пайдаланып хайп жасағысы келетіндер", "Бізді әлемге танытып жатқан бірден-бір әртісті сынау — үлкен қателік", - деп жазды оқырмандары.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте табылды

жаңа туған сәби табылды

Kaspi.kz қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

kaspi.kz

СҚО-да кен орнына апаратын кірме жол құрылысы 8 жылдан бері әлі аяқталмаған: басқарма басшысы күдікке ілінді

бюджет қаражатын жымқыру

Ұмай ана қолдады. «Отбасы банк» топ-менеджерлерінің табысы НЕГЕ тез өсіп келеді?

.