USD
USD
USD

Меркель Ресейге не үшін келеді?

Германия канцлері Ангела Меркель 11 қаңтарда Ресейге жұмыс сапарымен келеді. Кремль сайтының хабарлауынша, Меркельді РФ президенті Владимир Путинннің өзі шақырған.

Меркель Ресейге не үшін келеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Делегация құрамында Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас та бар. Екі жақ Сирия, Ливия, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы АҚШ әуе соққысынан кейінгі ахуалды, бәрінен де Иран генералы Касем Сүлейманидың өлімін де талқыламақ. Мұнымен қоса, Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс салдары, 2019 жылдың 9 желтоқсанында Парижде өткен «нормандық форматтағы» саммитте қол жеткен келіссөздерді сүзгіден өткізу жоспарланған.

Өткен айда Путин Меркельмен телефон арқылы сөйлесіп, «Солтүстік ағыс-2» құбыр желісінің құрылысы жайын әңгіме еткен. Екеуара әңгіменің нәтижесі жобаны қолдауға әзір екендігін білдірген.

Айта кету керек, АҚШ президенті Дональд Трамп 21 желтоқсан күні «Солтүстік ағыс-2» және «Түрік ағысы» газ құбырына қарсы санкция салуды қарастырған, яғни, қорғаныс бюджеті бойынша 2020 жылға 738 АҚШ доллары көлемі болатын заң жобасына қол қойған еді. Мұны құжатта «еуропалық энергетика қауіпсіздінгін сақтау» деп түсіндірген. АҚШ санкцияларына байланысты «Солтүстік ағыс-2» құбыр төсеуіші Allseas Group SA швейцарлық компаниясы 30 желтоқсанда жұмысын тоқтатқан және газ құбырын жалғаумен айналысатын Балтық теңізінен өз кемелерін алып кеткен.  

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды