USD
USD
USD

Меркель әлемді бірігуге шақырды

Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана әлем елдері коронавирус індетіне және болашақтағы жаһандық сынақтарға төтеп бере алады, деп санайды Германия канцлері Ангела Меркель.

Меркель әлемді бірігуге шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тек халықаралық ынтымақтастық пен ауызбірлік қана коронавирустық пандемиядан туындаған дағдарысты жеңуге көмектеседі.  Біз осы ғаламдық қатерге ғаламдық жауап тапқан жағдайда ғана, қазір де, болашақта да пандемиядан арыла аламыз», - дейді Меркель. Бұл туралы оның 11шілде күнгі бейнеүндеуіне сілтеме жасап, dw.com хабарлады.

Германия пандемиямен күреске бағытталған халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларына белсенді қатысады. Бірінші кезекте бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық ұйымдардың бағдарламалары. Сонымен қатар, Германия бүкіл әлем бойынша вакциналардың, дәрі-дәрмектердің және диагностиканың әділетті таратылуын насихаттаумен қатар, денсаулық сақтау және ғылыми зерттеу жұмыстарында да белсенді, дейді Германия канцлері.

Ангела Меркельдің айтуынша, көптеген елдер «бұл сынақтарды бірге шешуге дайын» ​​екенін көрсетуде. Бұл оған үміт береді. Бұған дейін, 8 шілдеде Еуропа парламентінде сөйлеген сөзінде Меркель Еуропа елдерін ынтымақтас сезімді нығайтуға шақырған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу