USD
USD
USD

Мерей Ақшалов басшылық қызметке тағайындалды

Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов Астана қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне директор болып тағайындалды, деп хабарлады kazinform.kz.

Ақшалов
Фото: Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резерві

Алматы, NEGE. Аталған оқу орны атап өткендей, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серіков Роллан Серікұлы, мекеме қызметкерлерін төраға бұйрығымен таныстырып, Ақшалов Мерей Төлегенұлы осы лауазымға тағайындалғанын мәлімет етті.

Естеріңізге салсақ, су жаңа басшы осы мектептің 2005 жылғы түлегі, бокс бөлімінің нұсқаушы-спортшысы.

Мерей Ақшалов 1988 жылы 8 мамырда Аягөз қаласында (қазіргі Абай облысы) дүниеге келді. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері. 2013 жылғы Әлем чемпионы, Азия чемпионы. 2010 жылғы Әскерилер арасындағы Әлем чемпионы. 2013 жылғы Азия құрлығының ең үздік боксшысы. 2013 жылғы Қазақстанның «Жыл спортшысы». 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Спорттық мансабында 60 және 64 келіге дейін салмақ дәрежесінде жұдырықтасты.

«Құрмет» орденімен марапатталды.

Еңбек жолын Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері болып бастады. Кейін, қалалық жоғарғы спорттық шеберлігі мектебі, спорт мектебі директорының орынбасары, директоры болып жалғастырды.

ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінде, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары лауазымдық қызметтерін атқарды. Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болды.

Соңғы жұмыс орны - ҚР Туризм және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитеті, спортты дамыту дирекциясының бокстан мемлекеттік жаттықтырушы.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов