USD
USD
USD

Мереке күндері азық-түлік арзан болады

Алдағы мереке күндері қарсаңында алматылықтар ет пен көкөністерді төмен бағада сатып ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Мереке күндері азық-түлік арзан болады
Фото: NEGE.kz

  Алматы, NEGE. Төмен бағадағы азық-түлік өнімдері демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер мен қаладағы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының 8 азық-түлік орталығында сатылады. «Белгіленген құн бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 6 түрі ұсынылған: тауық еті, сиыр еті, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат. Аталған өнім нарықтағы орташа бағадан 15-40%-ға арзан» делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар, сауда сөрелерінде жылыжайда өсірілген қызанақ пен қияр да болады. «Жыл соңына дейін өнімді төмендетілген бағамен сататын павильондар саны 22-ге дейін артады. Оған қосымша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен өңірлердің құс фабрикалары, сондай-ақ қаланың жылыжай кешені тартылды», – деп қосты әкімдік.

Демалыс күндері өтетін жәрмеңкелердің мекенжайы:

1. Алмалы ауданы, Гоголь-Масанчи к-сі қиылысы;

2. Бостандық ауданы, «Қазақфильм», Жароков көшесі-әл-Фараби даңғылынан жоғары;

3. Әуезов ауданы, Абай-Өтеген батыр к-сі қиылысы;

4. Жетісу ауданы, «Құлагер», Серіков пен Қазыбаев көшесі.

Жұмыс уақыты: 8.00-19.00 аралығында.

Азық-түлік павильондарының мекенжайы: 1. Төле би-Саин көшесі; 2. Шаляпин-Алтынсарин көшесі; 3. Абай-Алтынсарин даңғылы; 4. Мыңбаев көшесі-6 желі; 5. Абай-Момышұлы даңғылы; 6. Абай даңғылы-Саин; 7. Төле би-Фуркат көшесі; 8. «Құлагер» ықшамауданы. Жұмыс уақыты: 9.00-21.00 аралығында.

Қазір оқып жатыр

Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Айсұлтан Сейпелов

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

сүңгуірлер

Ұлытау облысында тергеушіге пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

Пара беру

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

дрон шабуылы