USD
USD
USD

Мереке қарсаңында алаяқтар жаңа айлаға көшкен

Жаңа жыл қарсаңында алаяқтар анимациясы немесе музыкасы бар жарқын құттықтау жіберіп, файл арқылы парольдерге, банк карталарына және қосымшалардағы деректерге қол жеткізеді.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Ішкі істер министрлігі өкілдері Жаңа жыл қарсаңында алаяқтар белсенді әрекет ететінін ескертті.

«Алаяқтар қауіпті файлдар тіркелген "жаңа жылдық құттықтауларды" таратып, бағасы әдейі төмендетілген сыйлықтар мен тауарлар туралы жалған хабарландырулар жариялайды. Ақша аударылғаннан кейін байланысты тоқтатады», – делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ олар нарықтағы бағадан едәуір төмен бағада тауар немесе сыйлық ұсынады. Ақшаны шұғыл түрде аударуға көндіреді. Төлем жасалған соң хабарландыруды өшіріп, жауап бермейді.

Алаяқтар жиі жалған аккаунттар мен жасанды пікірлерді пайдаланып, өзін сенімді сатушы ретінде көрсетеді.

Сондықтан полиция қызметкерлері бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармауды, пікірлер мен аккаунттың тарихын мұқият тексеру қажет екенін ескертеді.

«Бейтаныс адамдардан келген файлдар мен сілтемелерді ашпай, apk кеңейтімі бар файлдарды бірден өшіргеніңіз абзал», – дейді ІІМ өкілдері.

Полицейлер өзіңізді және қаражатыңызды қорғауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары