USD
USD
USD

Өз нұсқамды айтуға мүмкіндігім болмады: Бишімбаев сотта кінәсін мойындамады

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты негізгі сот отырысы өтті. 

Бишімбаев
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Басты сот отырысында прокурорлар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты айыптау актісін оқыды.

Экс-министр Бишімбаев сот барысында әйелін айуандықпен өлтірді деген айыппен келіспеді. Ол осы уақыт ішінде болған оқиға туралы өз нұсқасын айтуға мүмкіндігі болмағанын алға тартты. 

– Айтайын дегенім, менің сотқа дейінгі тергеуде де, еш жерде де өз оқиғамды айтуға мүмкіндігім болған жоқ. Прокурордың жаңа ғана оқып шыққанының бәрі негізінен ешқандай растауы немесе дәлелі жоқ ойдан шығарылған. Мен аса қатыгездікпен қасақана адам өлтірген жоқпын, – деді Бишімбаев сотта. 

Судья сотталушыларға бірнеше сұрақ қойды.  Бишімбаев судьяға өз кінәсін мойындамайтынын айтса, Байжанов «қылмыс жасағанымды білмедім» деп жауап берді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж