USD
USD
USD

«Менің бауырым өлді, сендер күлесіңдер» – Күдікті Дидар Қалиахмет Нұрғанат Ғайыпбаевпен беттескен кезде күліп отырған

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Нұрғанат Ғайыпбаев
Фото: Жоғарғы сот

Сот отырысы барысында іс материалдары мен бейнежазбалар зерделеніп, беттестірулер жүргізіліп, куәлар, сотталушылар, жәбірленушілерден түсініктемелер алынып жатыр.

2024 жылдың 28 қазанындағы беттестірудің қысқаша хаттамасы бойынша жәбірленуші Нұрғанат Ғайыпбаев пен күдікті Дидар Қалиахметтің арасындағы беттестіру таспасы көрсетілді. 

Беттестіру кезінде жәбірленуші Нұрғанант Ғайыпбаев сол күнгі оқиғаны баяндап отырған сәтте күдікті Дидар Қалиахмет күліп отырған. Оны байқап отырған жәбірленушілердің адвокаты тергеушіден Дидар Қалиахметке ескерту жасауын сұрайды. 

Жәбірленушінің адвокаты: Тергеуші мырза, ескерту айтыңызшы. Бағанадан бері күліп отыр. 

Дидар Қалиахмет: Мен күліп отырған жоқпын ғой... 

(Осы кезде «күле ме, жылай ма өзі біледі ғой» деп жатқаны естіледі).

Нұрғанант Ғайыпбаев: Менің бауырым өліп отыр, сендер күліп отыра бересіңдер ме? 

Дидар Қалиахмет: Сен өтірік айтып отырсың.

Нұрғанант Ғайыпбаев: Қалай өтірік айтып отырмын?

Қазір оқып жатыр

«Аяғы шайналып кетті»: Қызылордада ойын-сауық саябағында жас жігіт ауыр жарақат алды

оқиға орны

«Енді тек түсіндірумен шектелмейміз»: заңсыз жұмыс істеп келген саудагерлерге қатаң ескерту жасалды

Базар

Маңғыстауда қарақұрт қаптады: ауруханаларда уға қарсы сарысу жеткіліксіз

Қарақұрт

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.