USD
USD
USD

«Менің атым Қожа» фильмінің жарық жұлдызы дүниеден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург, «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаев өмірден өтті. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астана, NEGE. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақын туыстарына қайғыра көңіл айтты.

Ведомствоның хабарламасында Нұрлан Сегізбаевтың қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға екені атап өтілген.

«Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін қазақ киносы мен театрының тағы бір көрнекті өкілі Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өткен еді.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы