USD
USD
USD

Актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Күләш Қажығалиева қайтыс болды. Бұл туралы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының баспасөз қызметі  хабарлады. 

Күләш Қажығалиева
Фото: instagram.com/musrepov_teatry

Алматы, NEGE. «ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері, театрымыздың артисі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті», - делінген хабарламада.

Күләш Қажығалиева 1942 жылы 9 маусымда Алматы облысы, Үйгентас ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.1961-1967 жылдары Құрманғазы атындағы Мемлекеттік өнер институтының «Актер» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1967 жылы жолдамамен Қазақ Мемлекеттік балалар мен жастар театрына актриса болып қабылданған. 

1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс істеген әртіс Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» – Жанар , «Қызыл сұңқарлар»-Маруар , Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» – Қамқа шеше, Ш.Айтматов «Ыстықкөл трагедиясы» – Кемпір, «Ақ кеме» – Кемпір, С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» – Ғани, Ә.Тарази «Жақсы кісі»-Балзия, О.Бөкей «Атау-Кере» – Марфа, «Ауылдан келген ару» – Сәндігүл, С.Балғабаев «Ең алғашқы Жаңа жыл» – Әже, А.П.Чехов «Шағала» – Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы