USD
USD
USD

«Мен үшін алтыннан кем емес»: Димаш Құдайберген Олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

 Танымал әнші Димаш Құдайберген Токио Олимпиадасында жүлде алған қазақстандық спортшыларды жеңісімен құттықтады.

«Мен үшін алтыннан кем емес»: Димаш Құдайберген Олимпиада жеңімпаздарын құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жеңістеріңіз үшін үлкен рахмет, бауырлар! Елдің намысы үшін тырысып, еңбекпен әкелген қола жүлделеріңіз, мен үшін алтыннан кем емес! Алла қаласа бұдан да үлкен шыңдарды бағындыруға нәсіп етсін!», - деп жазды Д. Құдайберген Instagram парақшасында. Бұған дейін Токио -2020 жазғы Олимпиада ойындарына шолу жасаған болатынбыз. Аталған бәсекеде Қазақстан атынан 97 спортшы бәсекенің 28 түрінен бақ сынады. Нәтижесінде ел құрамасы 8 қола медальмен 83-ші орынға тұрақтады. Ал дәл қазір айтулы спорттық шараның жабылу салтанаты өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау