«Мен мұндай елде тұруға қорқамын» – Жәбірленуші президенттен араша сұрады
Астанадағы «Menmedia.kz» алаңында қоғамдық қорғаушы Алена Цоктоева мәлімдеме жасады.
«Жанжалдар, жеке реніштер мен бәсекелестік үшін күйеуімді түрмеге жапты. Мен мұндай елде тұруға қорқамын. 90-жылдар өтіп кетті деп ойлаған едім, олай емес екен. Бизнесті тартып алу әлі жалғасуда», – деді Цоктоева.
Борис Цоктоевтың қорғаушысы әрі жұбайы оның отбасын Forbes тізіміндегі ықпалды бизнесмендердің бірі, Қазақстанның құрметті агрономы Иван САУЭРДІҢ тікелей нұсқауымен 2,5 жыл бойы қудалағаны туралы айтып берді
Ол «Агрофирма Родина» ЖШС-ның иесі және бас директоры, «Астана-Нан» ЖШС, «Жакен-1» ЖШС, «Тастак» ЖШС, «АФ-Отан» ЖШС-ның да қожайыны екені белгілі. Дәл осы «Астана-Нан» табысты кәсіпорны үшін Иван Сауэр мен Цоктоевтар отбасы бітіспес жауға айналған.
– Иван Сауэр «Астана-Нан» ЖШС-ның жалғыс қатысушысы. Ол осы қылмыстық іс арқылы күйеуімнің бизнесін тартып алып, оның көзін жоюға ниетті екеніне сенімдімін, – дейді Алена Цоктоева.
Спикердің айтуынша, ол 2020 жылы Б.Цоктоевты алдымен үлесінің 33,3%-ын «сыйға тартуға», ал кейін «Астана-Нан» ЖШС-ның қалған 30%-ын нақты құнынан он есе арзан бағаға сатуға мәжбүрлеген. Сондайа-ақ Сауэр қатысушының үлесін компанияның қаражаты есебінен сатып алғанын, өз қаражатынан бір тиын да жұмсамағанын айтады.

«Үш серіктес жиырма жыл бойы бизнесті дөңгелетіп, компания дамып, елге танымал болды. Өсімдіктерді қорғау құралдары – жеке химиялық өндіріс (зауыт Степногорскте) бой көтерді. Күндердің күнінде қатысушылардың бірі Сауэр «компанияның жалғыз меншік иесі боламын» шешеді. Ол серіктестіктің жалғыз иесі атанған соң менің күйеуімді «ақша ұрлады» деген жаламен сотқа дейінгі тергеуді бастауға мұрындық болды, – дейді А.Цоктоева.
Сонымен бірге, А.Цоктоева компания қаражатының жұмсалуы, әкімшілік шығындар, кассадан берілген кез келген ақша Сауэр мен оның адамдарының бухгалтер және кассирдің бақылауында болғанын айтады.
«Астана-Нан» ЖШС-нің кассирі қазір Ресейде тұрады екен. Ол Б.Цоктоевке жалған айып тағу мақсатында кейіннен салынған шығын-кассалық ордерлерді, сомаларды бұрмалаған соң қашып кеткен көрінеді.
Қорғаушы Вячеслав Джалдаевтың пікірінше, қылмыстық іс материалдарында Цоктоевтың кінәсіз екенін дәлелдейтін барлық айғақтар бар, бірақ оларды тергеу органы да, прокуратура да әдейі ескермей жатыр.
– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа ашық хат жолдағандағы жалғыз өтінішім – осы әділетсіз іске іске араласуын сұраймын, – дейді А.Цоктоева.
Қазір оқып жатыр
Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды
ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған
CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?
Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты