USD
USD
USD

«Мен президент болғанда, бұл соғыс болмас еді» – Трамп

АҚШ  президенті Дональд Трамп Ресейге үндеу тастап, Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды.

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл үндеу Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі аясында жасалды.

"Ресей әрекет ете бастауы керек. Аптасына мыңдаған адам көз жұмуда – бұл соғыс қорқынышты және мағынасыз. Бұл соғыс мүлде болмауы тиіс еді. Егер мен президент болғанымда, болмас еді!", – деп Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында жазды.

11 сәуір, жұма күні Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресейге ресми сапармен келіп, сол күні кешке Санкт-Петербургте Владимир Путинмен кездесті. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, кездесу барысында Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу және болашақта Трамп пен Путин арасындағы кездесу мүмкіндігі талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек