USD
USD
USD

«Мен оны кінәсіз деп есептеймін» – Перизат Қайраттың адвокаты

Бүгін елордада Перизат Қайратқа қатысты сот үкімі шықты. Сот отырысы алдында айыпталушының қорғаушысы Асланбек Даулетияров қорғау тарапының ұстанымын тағы бір мәрте атап өтті.

Перизат Қайрат
Фото: инстаграмнан

Астана, NEGE. Адвокаттың айтуынша, оның қорғауындағы азаматша өз қызметінің ашық әрі заңды болғанын дәлелдеуге тырысқан. Ол қандай да бір қамқорлықтың болғанын мойындамаған және өз қызметінің ашық жүргізілгенін баса атап көрсеткен.

– Ол өз қызметінің ашық, заң аясында болғанын дәлелдеді. Қамқорлық жайында ештеңе айтқан жоқ. Ол ондай жағдай болғанын мойындады ма? Тергеу ісі жабық өткендіктен, оның егжей-тегжейін айта алмаймын. Алайда ол өзінің барлық қайырымдылық жобалары нақты жүзеге асқанын көрсетті. Мен оны кінәсіз деп есептеймін, өйткені тиісті дәлелдер ұсынылған жоқ, – деді Асланбек Даулетияров.

Естеріңізге сала кетейік, сот шешімімен П.Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның анасы, Гайни Алашбаева, 7 жылға сотталды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті