USD
USD
USD

«Мен неге қазақ емеспін?»: Ресей азаматы Катардан қайтып жатқан қазақтарға қызыға қарады

Денис Смычек есімді ресейлік блогер желіде Катардан видео жариялап, Қазақстанның өз азаматтарын эвакуациялау жұмыстарын ерекше атап өтті.

Ресей азаматы
Фото: instagram.com/smychek_denis

Астана, NEGE. Круиздік лайнер бойымен серуендеп жүрген видеосын блогер Instagram желісінде жариялады. Бейнежазбада ол серуендеуге рұқсат етілгенін, бірақ аумақ жабық болғандықтан, кеме маңынан алыстай алмайтынын, өзін тұтқын секілді сезініп тұрғанын айтады.

Сонымен қатар видеода диспетчердің хабарландыру айтып жатқан даусы естіледі. Онда Қазақстан азаматтары Сауд Арабиясына визаға өтініш беруі қажет екені айтылады. Өйткені қазақстандықтарды осы ел арқылы эвакуациялау жоспарланған.

«Қазақстан азаматтарына елшілік Сауд Арабиясына виза жасап жатыр, ертең барлығын автобустармен (жол шамамен 22 сағат) алып шығады, одан кейін оларға Алматыға тегін әуе рейсін ұсынады. Бұған қоса олардың картасына 35 доллардан аударады. Ал бізде: ештеңе. Бірақ біз мойымаймыз. Оңынан шешілетініне сенеміз», – деді ресейлік азамат.

Сондай-ақ ол видеоға «Қазақтарды эвакуациялап жатыр. Мама, мен неге қазақ емеспін? ...Елшіліктен хабар күтеміз» деп жазып қойған.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net