USD
USD
USD

«Мені қатты сөкпеңіз»: Бибісара Асаубаева қазақша үйреніп жүр

Блиц шахматы бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева ана тілін үйреніп жүргенін көрсетті.

.
Фото: Бибісара Асаубаеваның әлеуметтік желідегі парақшасынан

Астана, NEGE. Шахматшы әлеуметтік желіде қазақ тілі сабағынан қысқа үзінді жариялап, қарапайым сұрақтарға қазақша жауап берді. Жазбасында ол оқырмандарынан қателескен тұсы болса, түсіністік танытуды сұрады.

«Сабағымнан шағын үзінді. Қатты сөкпеңіз», – деп жазды Бибісара.

Айта кетейік, маусым айында Бибісара Асаубаева жалақысының қысқаруына байланысты Мемлекет басшысына үндеу жасаған еді. Сол кезде қоғамда қызу пікірталас туып, әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі шахматшының бұған дейін біраз уақыт Ресей атынан өнер көрсеткенін еске салып, қазақ тілін білмейтінін де сынға алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған