«Қателікті байқадым» – Бухгалтер Перизат Кайраттың «Асар Үме» қорына берген есебіндегі күмәнді сертификат туралы айтып берді

Бүгін Астанада Перизат Қайраттың ісі бойынша сот отырысында куәгерлерден жауап алынып жатыр. Куәгер Алтын Мусина 2023 жылдың соңында Перизат Қайраттан өтініш алғанын айтып берді. Ол П.Кайратқа қаржылық құжаттарды дайындауға көмектескен бухгалтер,
Астана, NEGE. Ол «Асар-Үме» қорына Палестина тұрғындарына көмек ретінде жиналған қаражатты пайдалану туралы есеп әзірлеуі керек болған.
Мусинаның айтуынша, өзі де, Перизат Қайрат та бұл есептің нақты қандай форматта болуы керегін білмеген. Сол кезде бухгалтер есепке негізгі қаржылық көрсеткіштерді – кіріс пен шығысты енгізуді ұсынған. Алтын Мусина қаражаттың нақты неге және қандай көлемде жұмсалғанын растайтын құжаттарды сұраған. Перизат оған қолында бар құжаттарды жіберген.
«Мен құжаттарды сұрадым, ол маған оларды WhatsApp арқылы немесе электронды пошта арқылы жіберіп отырды. Бір сертификат есімде қалыпты. Маған оның фотосуретін жіберді. Менің түсінуімше, бұл Перизат Кайраттың Палестина елшілігіне белгілі бір соманы аударғаны туралы сертификат болатын. Сондай-ақ Forte Bank жүйесінен халықаралық аударым жасау кезінде рәсімделетін өтініш те болды. Алғашқы өтініште шағын сомасы шамамен 2000 доллар деп көрсетілген еді. Кейінірек қағаз түріндегі тағы бір өтініш келді. Менің ойымша, оны Перизат Қайрат өзгерткен, себебі онда мүлде басқа, әлдеқайда ірі сома көрсетілген. Шамамен 100 мың доллар деп тұрды. Мен бұл айырмашылықты байқап, одан неліктен мұндай қате болғанын сұрадым», – деді Мусина.
Ол бір ғана өтініштің ақша аударымын растайтын құжат болып саналмайтынын атап өтті. Әдетте, өтініштен кейін SWIFT-хабарлама рәсімделуі керек. Алайда Перизат ондай құжатты ұсынбаған.