USD
USD
USD

«48 мың теңгеге өмір сүре алмаймын» – Премьер-Министрдің орынбасары

Әлеуметтік мәселелерге арналған баспасөз мәслихатында журналистер Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа Батыс Қазақстан облысында қаза тапқан бес баланың оқиғасын еске салып, сұрақ қойды. 

Ермек Көшербаев
Фото: Әли Ғалым

Астана, NEGE. «Сол кезде мемлекет бұл отбасының әлеуметтік жағдайы жақсы болғанын айтты. Жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен жоғары, яғни, 47 мың теңге болған. Сіз өзіңіз 48 мың теңгеге өмір сүре алар ма едіңіз?», – деп сұрады журналист.

Көшербаев мүндай қаражатқа өмір сүре алмайтынын мойындады.

«Әрине, мен 48 мың теңгеге өмір сүре алмаймын. Сіз де өмір сүре алмайсыз. Бұл сомаға күн көру кез келген адам үшін қиын. Шынымды айтсам, бұл көрсеткіш қайдан шыққанын білмеймін. Біз негізге алатын ең төменгі деңгей – 85 мың теңге. Алайда 85 мың теңгеге де өмір сүру оңай емес. Бірақ бұл көрсеткіш макроэкономикалық категория болып есептеледі, ол арқылы түрлі әлеуметтік қолдау шараларының деңгейі анықталады», – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда 2025 жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге. Ал әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылатын күнкөріс минимумы – 46 228 теңге.

Қазір оқып жатыр

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.

FIFA әлем чемпионатының финалы өтетін алаңның көгалын бөлшектеп сатуға кірісті

.

Астанадан Дубайға ұшқан рейс кері қайтарылды

Air Astana