USD
USD
USD

Мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізу бекеттеріндегі жағдай қалай шешілмек?

Үкіметте мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізу пунктілеріндегі жағдай бойынша жедел кеңес өтті.

шекарадағы өткізу бекеттері
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кеңесте автомобиль өткізу пункттеріндегі қазіргі ахуал және көлік ағынын ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Жиынға Көлік, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылары қатысты.

ҰҚК Шекара қызметінің өкілі мемлекеттік шекарадағы ахуал және «Әлімбет», «Жайсан», «Сырым» өткізу пункттері арқылы автокөлік құралдарының жедел өтуін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

«Қазақстан тарапындағы өткізу пунктілері тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істейді. Еліміздің аумағы арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемінің маусымдық артуын ескере отырып, ЕАЭО-ның ішкі контурындағы автомобиль өткізу пунктілерінің уақтылы жаңғыртылуына бақылау күшейтілгені атап өтілді. Бұл бақылаудан өту уақытын қысқартады», – делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек, басымдық берілген өткізу пунктілерінің маңында жүргізушілерге арналған күту сервистік аймақтары құрылмақ. Бұл жүргізушілерге шекаралық бақылаудан өту кезеңінде қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Тиісті жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу